Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы

08.02.2018 09:04

2018 жылғы 19 қантарда Қарағанды облысының әкімдігінде селекторлық режимде  Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы аймақтық Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс жұмысында Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалармен және департаменттің  басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, видеобайланыста - аймақтардың  әкім орынбасарлары  қатысты.
Отырыс жұмысын  Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасы  басшысының міндетін атқаратын М. Галиуллин ашып, өз кезегінде  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін атқаруға тиісті 10 міндетті нақтылап берген “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында өзектілігін айтып, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен  өткізілген «ТОМ:Кazakhstan» мүмкіндігі шектеулі адамдарға жасалған прототиптер жасайтын мейкатон жобасының соңғы кезеңі жайлы атап өтті. Осы Жобаның басты міндеті –  қолдануда тиімді, жасалуда қарапайым және қолжетімді бағаға өмірлік прототип жасап шығару.
Отырыс барысында 2017 жылы мүгедектерді техникалық орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз ету және  әлеуметтік инфраструктура объектілерін бейімдеу сұрақтары ортаға салынды.
Сонымен қатар  Үйлестіру Кеңесі отырысының  транспорттық инфрақұрылымның қолжетімділігі,  мүгедектігі бар адамдардың демалу, бос уақытын өткізу және мәдени өмірге қалыптастыру, мүгедектердің дене шынықтырумен айналысуы мәселелері бойынша хаттамалық тапсырмалардың орындалуы талқыланды.
Барлық сұрақтар бойынша облыстық Басқармалар басшылары мен басшы орынбасарлары баяндады.
Отырыс нәтижесінде бір қатар тиісті тапсырмалар берілді.